Хорватияның бұрынғы басшысы президент сайлауына тәуелсіз бақылаушы ретінде келген.
ERNUR.KZ. Бұл жөнінде Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады ktk.kz
Кездесуде Елбасы мәртебелі мейманға қошемет білдіріп, алдағы президент сайлауына тәуелсіз бақылаушы ретінде келгені үшін алғыс айтты.
«Сайлауға бақылаушы ретінде келгеніңіз үшін рахмет. Сіз бұған дейінгі сайлау науқанына да қатысып, жұмысымызды жоғары бағалаған едіңіз. Сізге деген ризашылығым зор», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.