Нұрсұлтан Назарбаев: Жауыздардың сөзін тыңдамау керек

0
1 061

Елбасы жауыздарды аяйтынын айтты.


Нұрсұлтан Назарбаев: Жауыздардың сөзін тыңдамау керек

ERNUR.KZ. Басқа мемлекетке қашып кеткен қылмыскерлер сол жақтан әртүрлі дақпырт таратады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел тыныштығы мәселесі туралы осылай айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Басқа мемлекетке қашып кеткен қылмыскерлер сол жақтан әртүрлі дақпырт таратады. Оларды аяймын. Ешкімге де керексіз, Отансыз адамдар өзінің елінде жаманшылық болса екен деп ойлайды. Онда арамзаға қалай адамның бүйрегі бұруы керек. Айтыңдаршы?! Қазақстанда жаман болсын, Қазақстан шуылдасын, Қазақстан төбелессін, қырылыссын дейді. Ондай жауыздардың сөзін тыңдамау керек», - деді Елбасы «Хабар» арнасына берген сұхбатында.

Елбасы ұлттың ақсақалы, жанашыры ретінде жастарға ең алдымен білім алуға тырысу керектігін атап өтті.

«Біздің өміріміз алда. Өзіңнің еңбегіңмен тапсаң бәрі болады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген ата-бабамыздың сөзі бар ғой. Білімге баулуымыз керек. Жақсы білім алсаң, жанұяңды да асырайсың, ешкімге барып тіленбейсің. Жалпы, Қазақстанның отбасылары бұл мәселе бойынша ойлануы керек. Арандатуға көнбеуі тиіс. Барлығымыздың ойымыз – елдің амандығы, жұрттың тыныштығы. Қазақстанымыздың тәуелсіздігі мәңгі болуы керек деп ойлауға тиіспіз. Сонда ғана дүние жүзіне сыйлы ел боламыз. Соған не жетсін?!», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.