Светлана Назарбаева 77 жаста болған.
Фото: @yedilovonline телеграм-арнасы
ERNUR.KZ. Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы Светлана Назарбаева 77 жасында қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Суыт хабар жайлы @yedilovonline телеграм-арнасының авторы Ербол Еділов жазды.
«Светлана Мырзахметқызы Назарбаева 77 жасында дүниеден озды. Орны толмас қайғыға байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Иманы саламат болсын!»,- деп жазды ол.
Айта кетері, Светлана Назарбаева – бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісінің жұбайы, Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы.