ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Абайдағы зорлық көрді деген балаға байланысты тағы да бірнеше адам қызметтен кетуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
фото: ult.kz
ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Абайдағы зорлық көрді деген балаға байланысты тағы да бірнеше адам қызметтен кетуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Облыс әкімінің идеология және білім саласы бойынша жетекшілік ететін орынбасары өзінің креслосымен қош айтысуы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан жұртының Наурыз мейрамын тойлауы кезінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Абай елдімекеніндегі зорлық көрді деген бала төңірегіндегі оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Жергілікті ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдерімен кездескен облыс әкімі құқықбұзушылық пен қылмысты, зорлық-зомбылықты болдырмау аясындағы кешендік «Зорлық-зомбылықсыз Оңтүстік» акциясын жариялағаны туралы хабарлады.
Informburo.kz тілшісіне берген сұқбатында Ж.Түймебаев сараптама нәтижесін күтіп отырғанын және Абай елдімекеніндегі баланың зорлық көргені анықталса, барлық жауаптылар мен кінәлілерді жазалайтынын айтты.
«Тергеу аяқталғанда, жазалау жалғасады. Сондықтан да біз құқық қорғау органдарының сараптамалық қорытындысына сүйенуіміз керек. Сол кезде тағы да жаза қолданамыз», - деді ОҚО әкімі.
Сонымен қатар Жансейіт Түймебаев кез келгенін, қажет болып жатса, өзінің идеология және білім саласы бойынша жетекшілік ететін орынбасары Ұласбек Сәдібековті де қызметтен босататынын айтты.
Айта кетейік, мұнан бұрын Ұ.Сәдібеков зорлық көрді деген балаға қатысты оқиғаға байланысты қатаң ескерту алған болатын.