ОҚО: Партиялықтар іскер әйелдерді құттықтады

0
1 193

​Созақта «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ауданның іскер әйелдерін қабылдады.


ОҚО: Партиялықтар іскер әйелдерді құттықтады

Созақта «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ауданның іскер әйелдерін қабылдады.

Қазіргі таңда аудандағы «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің жартысын астамы нәзік жандылар. Партияның мемлекеттегі гендерлік саясатты жүзеге асыруға мүдделілік танытып отырғанын, мемлекеттік, өкілетті органдарда, кадрлық резервті қалыптастыруда әйелдер қауымына басымдық беріліп келеді.

Қабылдауда аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ролан Әлжанов әйелдерді мерекемен құттықтады.

- Елбасымыздың 5 әлеуметтік бастамалары әйелдер өміріне де үлкен оңды өзгерістер әкеледі, деп ойлаймын. Ауданымызда 1300-ге жуық жеке кәсіпкер ретінде тіркелген әйел азаматшалар бар, мұнан бөлек, әлеуметтік салада, өндіріс саласында белсенді азаматшаларымыз қаншама, біз осы азаматшалардың белсенділігін арттыруға күш салуымыз керек, - деді Р.Әлжанов

Шарада іскер әйелдер аудандық партия филиалының, аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарымен мараптталып, бағалай сыйлықтар тапсырылды.