​Оқушылар Қазақстанның көрікті жерлерін аралады

0
2 079

Экскурсиялық тур еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласынан басталды.


​Оқушылар Қазақстанның көрікті жерлерін аралады

«Туған елге саяхат» балалар туристік пойыз» жобасының алғашқы маусымы аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Астанаға келісімен балалар бірден темір жол вокзалынан тоғыз күндік саяхаттың қорытындысы ретінде ұйымдастырылған концертке бет алды.

9 күннің ішінде балалар Қазақстанның 5 көрікті және тарихи қаласын аралады.Әр қала өз ерекшелігімен балалардың естерінде қалды.

Экскурсиялық тур еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласынан басталды, балалардың көбі үшін бұл елордаға алғашқы келулері болды.Екінші саяхат қаласы Байқоңыр болды, онда балалар «Қорқыт ата» мемориалдық кешенін тамашалап, өз көздерімен Байқоңыр ғарыш айлағының мұражайын көрді және ракета макетін ұшырды.

Ғарыш тарихымен танысқан балалар, Тараз қаласына жол тартты. Онда Айша-Бибі мен Қарахан кесенесін көріп, жергілікті аквопаркте қыдырды. Келесі күні пойыз оңтүстік астанаға келіп тоқтады.

Алматыда балалар жергілікті хайуанаттар бағын, дельфинарийді көріп, «АЙЯ» ойын-сауық саябағында қыдырып, Көк-Төбеден қала сұлулығын тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Келесі күні тау сұлулығының орнын Балқаш көлі алмастырды. Көл жағасында балалар ұлу қабыршақтарын жинап, футбол, баскетбол, волейбол және тағы да басқа ұлттық ойындар ойнап,көңіл көтерді. Қызыққа толы аптадан кейін «Туған елге саяхат» пойызы астанаға оралып, жобаның 2019 жылғы маусымының алғашқы сапары аяқталды.

Жобаның келесі екі кезеңі 1 шілде мен 1 тамызға жоспарланып отыр және оған тағы 400 бала қатысады. Жалпы жобаға 600 бала қатысады: «Самұрық-Қазына» АҚ шалғай өңірлерде орналасқан, көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан, оқу үлгерімі жақсы өндірістік кәсіпорындары мен зауыт жұмысшыларының 500 баласы қатысады. Шет мемлекеттерден келген қазақ диаспорасының өкілдерінен 50 бала және шығармашылық байқау қорытындысы бойынша Қазақстан бойынша анықталған жеңімпаз 50 бала саяхатқа аттанады.