Қазнет пайдаланушылары P/500 таңбасы бар парацетамолды ішпеуге кеңес береді.
ERNUR.KZ. Таблеткаларда өлімге әкелетін Мачупо вирусы бар екен. Бұл – 2011 жылдан бері желіде көптеген тілдерде таратылып жүрген бұрынғы фейк, деп жазады stopfake.kz.
Қорқынышты хабарды алғаш рет 2011 жылы Ангола тұрғындары ойлап тапқан. Ол кезде бұл жаңалықты жергілікті Ұлттық радиодан хабарлағаны айтылған болатын. Кейіннен басқа тілдерге аударылған кезде бұл сөйлем алынып тасталды.