Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандыққа үкім шықты

0
736

Баланың ата-анасы сотталушыны кешірмеді.


Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандыққа үкім шықты

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық екі жыл алты айға түрмеге қамалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Оңтүстік Кореяда жеті жасар баланы қағып кеткен қазақстандыққа осындай үкім шығарылды.

Баланың ата-анасы сотталушыны кешірмеді.

Олардың айтуынша, баланы емдеуге алпыс миллионнан астам вон жұмсалған. Ол елу мың доллардан асады. Сонымен қатар баланың әкесі мен анасы ұлына қарау үшін жұмыстарынан шығуға мәжбүр болған.

Еске салсақ, жол апаты былтыр 16 қыркүйекте болды.