Ол Пусанда біраз уақытқа созылған аурудан көз жұмған.
ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы қайтыс болды, деп жазады Қазақпарат.
«Біздің бұл мәліметтен хабарымыз бар. Ол сырқаттан көз жұмды. Кореядағы Қазақтан елшілігінің мәліметіне сәйкес 21 ақпанда елшіліктің консулдық бөліміне ҚР азаматы - оның күйеуі келіп, өз жұбайының қайтыс болғанын мемлекеттік тіркеуге енгізуді өтінді. Ол Пусанда біраз уақытқа созылған аурудан көз жұмған», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Айбек Смадияров сонымен қатар консулдық тарапынан бірден мемлекеттік қызмет көрсетілгенін айтып өтті.
«25 ақпан күні елшілікке қайтыс болған әйелдің күйеуінен жергілікті клиникаға медициналық қызмет үшін 15 миллион корейлік вон, яғни 40 мың доллар бөлу туралы тағы өтініш түсті. ҚР азаматтарының қарызын жабу үшін шекарадан тыс мекемелер мен СІМ-де қаражат қарастырылмайды. Алайда аталған отбасының қаржылық қиындығын ескере отырып, елшілік клиникаға жеңілдік беруді өтініп, хат жолдады. Шетелге емделуге кеткен біздің көптеген азамат емделмес бұрын клиникамен келісімге келеді. Ол келісімде тараптардың міндеттемелері нақты жазылады. Олар бұл міндеттемелерді қатаң сақтап, шамасы жеткенше орындауы керек», - деді Айбек Смадияров.