Оңтүстікқазақстандық жасөспірімге қатысты істі арнайы прокурор өндірісіне қабылдады

0
1 133

ҚР ​Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша арнайы прокурор Оңтүстік Қазақстан облысының кішкентай тұрғынына қатысты зорлық әрекеттері туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өз өндірісіне қабылдады,- деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оңтүстікқазақстандық жасөспірімге қатысты істі арнайы прокурор өндірісіне қабылдады

ҚР Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша арнайы прокурор Оңтүстік Қазақстан облысының кішкентай тұрғынына қатысты зорлық әрекеттері туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өз өндірісіне қабылдады,- деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын сақтау және орын алған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Процестің барлық қатысушыларының өтінішхаттары негізінде кешенді сот-медициналық сараптамаға кәсіби мамандар жұмылдырылатын болады.

Қылмыстық істің тергелу барысы Бас прокуратураның бақылауында.

Істің фигуранттары жасөспірім болғандықтан, Қылмыстық-процестік кодекстің 532-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтарының құпиялылығын сақтау қажеттігін ескертеміз.

Жеке өмір туралы мәліметтерді көпшілік алдында, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы жария еткен үшін Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Тергеу нәтижесі туралы ақпарат жасөспірімдердің құқығы мен заңды мүдделерін ескере келе, қоғам назарына тиісті көлемде жеткізіледі.