Орал тұрғыны қызғаныштан адам өлтіріп, мәйітті әжетханаға тастап жіберген

0
1 060

Мұнымен қоса, марқұмның қалтасындағы ұялы телефонын алып қойған.


Орал тұрғыны қызғаныштан адам өлтіріп, мәйітті әжетханаға тастап жіберген

ERNUR.KZ. Орал қаласында адам өлтіріп, мәйіті әжетхана шұңқырына лақтырып тастаған М.Әжібаев 14 жылға сотталды, деп жазады Stan.kz.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, оқиға 2019 жылы 2 қараша күні кешкісін болған. Шамамен сағат 20:30-да күдікті М.Әжібаев Ә.Кердері көшесі 79-үйдің жанынан Е.Құсанованы А.Жолаевтың қасынан көріп, қызғанған. Ол ер адамды танымайтын еді. Содан кейін күдікті Е.Құсанованы осы үйдің ауласына сүйреп кіргізіп, жанында болған ер адамды аяқ-қолымен ұрып-соққан. А. Жолаев құтылуға әрекет жасап, үйдің ауласына кірген мезгілде М.Әжібаев пышақпен сол жақ иығына бірнеше рет соққы жасаған. Жәбірленуші иық қан тамырынан алған ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырған.

Қаскөй оның өлгеніне сенімді болған соң, қылмысын жасыру үшін Жолаевтың мәйітін әжетхана шұңқырына лақтырып жіберген. Мұнымен қоса, марқұмның қалтасындағы құны 100 мың теңге тұратын "Samsung Galaxy J2 Prime Duos" ұялы телефонын алып қойған.

М.Әжібаев өз айыбын толық мойындамағанына қарамастан, оның кінәсі сотта дәлелденді. Оған ҚР ҚК-нің "адам өлтіру" және "ұрлық" баптары бойынша айып тағылды.

Сотталушы 14 жылға бас бостандығынан айырылды. М.Әжібаевтың іс-әрекетінде қауіпті рецидив танылғандықтан, жазасын төтенше жағдайдағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді.

Айта кетейік, сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.