Оралда 20 жастағы жігіт 5-қабаттан секірмек болды

0
526

Құтқарушылар жігітті суицид жасаудан сақтап қалды.


Оралда 20 жастағы жігіт 5-қабаттан секірмек болды

ERNUR.KZ. Оралда 20 жастағы жігіт 5-қабаттың балконынан секірмек болды. Құтқарушылар жігітті суицид жасаудан сақтап қалды, деп жазады Stan.kz.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар пультіне түнгі сағат 2 шамасында балконнан секіруге бекінген ер адам туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға Алмазов көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, пәтер есігін ашып, жігітке дер кезінде психологиялық көмек көрсетті.