Оралда 21 жастағы қыз жетінші қабаттан секіріп кетті

0
809

Қыздың қайтыс болу оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Оралда 21 жастағы қыз жетінші қабаттан секіріп кетті

ERNUR.KZ. Оралда 21 жасар қыз жетінші қабаттан секіріп кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңда орын алды.

1998 жылғы қыз 7-қабат балконынан секіріп кетті.

Қыздың қайтыс болу оқиғасы бойынша ҚР ҚК 105-бабына сәйкес (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, Захаров көшесіндегі үйге жедел жәрдем сағат 06.32-де шақырылды. Бригада бес минуттан кейін жетті.

Бас пен мидың ашық жарақатын алған қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.