"Қызметі" үшін ол әр адамнан 150-ден 400 мың теңгеге дейін ақша алған.
ERNUR.KZ. Оралда 30 адамды «жұмысқа орналастырамын» деп алдап кеткен әйел қолға түсті, деп жазады Polisia.kz.
Оралда жұқпалы аурулар ауруханасында санитарлық жұмыс орындарын ұсынып, жұмысқа орналастырамын деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды. Бұл қызметі үшін ол әр адамнан 150-ден 400 мың теңгеге дейін ақша алып отырған. Тіпті, жұмысқа кіру үшін адамдар несие алып та ақша берген.
Жұртты алдаған 30 жастағы әйелдің басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталып жатыр. Оның әзірге 30 дерекке қатысы бар екені анықталды.
Алаяқтық жасағаны үшін күдікті әйелдің үстінен ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.