Бірнеше адам жеңіл дене жарақатын алған. Оларға қатысты "бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ERNUR.KZ. Оралда балалар алаңында ата-аналар төбелесіп қалды, деп жазады sputniknews.kz.
Полиция ақпаратына сәйкес, оқиға 25 мамырда болған. Полицияға көпқабатты үйдің ауласында көршілер арасында жанжал шыққаны туралы хабар кешкі сағат 22:00 шамасында түсті. Куәгерлер не болғанын видеоға түсіріп үлгерген.
Бастапқыда балалар ренжісіп қалған, содан кейін олардың ата-анасы жанжалдасқан. Арты төбелеске ұласқан.
Төбелеске қатысқан бірнеше адам жеңіл дене жарақатын алған. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі "бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аталған бап бойынша 5000 АЕК (14 585 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.