Оралда бір ай бұрын жоғалған қарияның денесі орманнан табылды

0
495

73 жастағы зейнеткер 5 қарашада жоғалып кеткен болатын.


Оралда бір ай бұрын жоғалған қарияның денесі орманнан табылды

ERNUR.KZ. Оралда бір ай бұрын жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

73 жастағы Юрий Браслевич 5 қарашада екінші база аумағында саңырауқұлақ теруге кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.

Оның немересі Ирина Жиденко атасының денесі орманнан табылғанын хабарлады.

«Оны орманға барған адамдар тапқан. Қазір ғана мәйітханадан келдік. Мәйітті жануарлар адам танымастай етіп атстаған», - деді Ирина.

Отбасы қарияны іздеуге көмектескендердің барлығына алғысын білдіреді.

Зейнеткерді іздеуге құтқарушылар, Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер мен туыстары жұмылдырылған болатын. Дрондар мен тікұшақ та тартылды. Жалпы зерттелген аумақ 56 шаршы шақырымды және су арқылы 25 шақырымды құрады. Туыстарының айтуынша, Юрий Браслевич алкогольді асыра пайдаланбаған, есте сақтау қабілеті нашарлаған. Ол сол күні ұялы телефонын алмай кеткен.