Оралда ер адамның неге 60 джиппен жүргені белгілі болды

0
840

​Бірер күн бұрын ер адам көшеде, 60 джиптің ортасында тайраңдап жүрген еді. Кейін полиция тұрғынды қолға түсіріп, оның бұған дейін бірнеше рет сотталғанын анықтады.


Оралда ер адамның неге 60 джиппен жүргені белгілі болды

ERNUR.KZ. Оралда ер адамның көшеде 60 жол талғамайтын көлікпен не себепті жүргені белгілі болды, деп жазады sputniknews.kz.

Басылым жалға алған қымбат автокөліктердің иелерімен және полиция қызметкелерімен сөйлескен. Олардың айтуынша, ер адам Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласынан Оралға келген.

Дереккөз оның жақында әйелімен ажырасқанын растапты. Олар Оралдағы пәтерін сатып, ақшасын бөліп алған. Ертеңінде ер адам 60 джипті жалға алып, саунаға бара жатқан. Жолда оны полиция тоқтатқан.

Көліктерді бір сағатқа жалға алу құны 15 мың – 20 мың теңгені құрапты.

Ал тәртіп сақшыларын облыс әкімі резиденциясының күзет қызметі шақырған. Резиденция джиптер жүрген көшеде орналасқан екен.

Айта кетейік, 16 қарашада Оралда ер адам 60 джиппен жүріп, жұрттың үрейін тудырған еді. Қымбат көліктердің арасында Toyota Land Cruiser Prado, Gelandewagen, Lexus болған. Көліктерді Самал ауданында полиция қызметкерлері тоқтатқан. Құқық қорғаушылар автомобильді жалға алған ер адамды ұстады.