Ер адамның денесінің 20 пайызы күйік шалған.
ERNUR.KZ. Оралда көлікте ұйықтап жатқан ер адам жанып кете жаздады. Оқыс оқиға Круглоозерное кентінде болған, деп жазады Tengrinews.kz.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 желтоқсанда Курглоозерное кентіндегі Первомайский және Строительная көшелерінің қиылысында ВАЗ-21010 көлігі өртенген.
"1988 жылы туған көліктің иесі артқы орындықта ұйықтап жатқан. Ер адам денесінің 20 пайызы күйіп қалған: беті, арқасы, сол аяғы мен қолы. Ол ауруханаға жатқызылды. Өрт таңғы сағат 6.15-те сөндірілді", - делінген хабарламада.