Оралда өнер мектебі өртенді

0
429

5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан №1 өнер мектебі ғимаратының шатырында рубероидты төсеу кезінде газ қоспасы жарылған.


Оралда өнер мектебі өртенді

ERNUR.KZ. Орал қаласында бір қабатты өнер мектебінің төбесі өртенді, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 2 қазан күні Деркөл кентінде болған.

«Сағат 17.46-да Н.Башмаков көшесі 6-мекенжайда 5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан №1 өнер мектебі ғимаратының шатырында рубероидты төсеу кезінде газ қоспасы жарылған (қираусыз). Жалын шамамен 40 шаршы метрді шарпыған. Өртке 3 ранг беріліп, оқиға орнына ТЖ департаментінен 48 адам және 9 техника жетті. Оқиға орнына жеткен кезде 3 ранг расталмады, департаменттен 9 адам 2 техника жұмыс істеді. Олардың жедел әрекет етуі нәтижесінде өрттің өршуіне жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау сағат 18.00-де оқшауланып, 18.15-те ауыздықталды. Келтірілген шығын, өрттің шығу себебі анықталу үстінде», - деп хабарлады ведомстводан.