Оралда өзбекстандық төрт отандасын өлтіргені үшін сотқа тартылды

0
257

Өзбекстандық Жазиловқа Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бойынша айып тағылды.


Оралда өзбекстандық төрт отандасын өлтіргені үшін сотқа тартылды

Фото: Мой город

ERNUR.KZ. Оралда бірнеше адамды өлтірді деп айыпталған Өзбекстанның 48 жастағы азаматы Шафкат Жазиловқа қатысты сот отырысы басталды, деп жазады stan.kz.

Өзбекстандық Жазиловқа Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бойынша айып тағылды.

Айыптау қорытындысы бойынша, Жазилов көктемде Бәйтерек ауданындағы Богат ауылына маусымдық жұмысқа барған. Онда егінмен айналысты. Ол шаруа қожалығының аумағындағы уақытша ғимаратта тұрған. Онымен бірге тағы 15 өзбекстандық тұрған. Сәуірдің соңында Жазилов пен әріптесі Усаровтың арасында жанжал туындаған. Ал Усаров өндірістік кәсіпорын басшысына жұмыста болып жатқанның бәрін айтып берген екен.

“9 мамыр кешке Жазилов он адаммен туған күн тойлаған. Бірнеше сағаттан кейін Жазилов пен Усаровтың арасында таңғы ас әзірлеуге байланысты тағы да жанжал туындады. Сол кезде сотталушы агрессия көрсетіп, Усаровқа балта лақтырған. Алайда балта оған тимеген. Жазилов тынышталмай, айырды Усаровқа сілкіген. Сол кезде шаруа қожалығының басқа қызметкерлері сотталушыны көшеге алып шықты", – деді прокурор Жандос Жұбанов.

Сосын Жазилов бензин құйылған пластик құтысын алып, "бәріңді өлтіремін!" деп жанып тұрған газ плитасына бензин төккен. Оқиға орнында бірден өрт шықты.Төрт ер адам сол жерде көз жұмды, ал бір адам термиялық күйік алды. Ал жанжалдасқан Усаров аман қалды.

“Шафкат Жазилов басқа адамдардың өміріне қауіпті жолмен екі немесе одан да көп адамды өлтірді. Мен тағылған айыпты толығымен қолдаймын", – деп қорытындылады мемлекеттік айыптаушы.

Жазилов орыс тілін мүлде білмегесін аудармашының көмегімен сот өтіп жатыр. Ол айыптау қорытындысымен келіспейтінін айтты. Сотталушы алқабилерден бас тартты.