Оралда ер азамат қайын енесі мен атасын атып тастады

0
1 108

Оқ тиген 60 жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. Ішінен оқ тиген 1951 жылғы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді


Оралда ер азамат қайын енесі мен атасын атып тастады

Кеше кешкісін Орал қаласындағы «Құрылысшы» шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем сағат 20.24-те шақырылып, олар үш минуттан кейін жеткен.

«Оқ тиген 60 жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. Ішінен оқ тиген 1951 жылғы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оған түнде ота жасалды. Ота алты сағатқа созылды. Жағдайы ауыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, жас адам енесін атып өлтірген. Қайын атасына да оқ тиген. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.