Ол 35 жастағы ер адам болып шықты және әрекетін мойындады.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында көшеде 15 жастағы қызға жыныс мүшесін көрсеткен ер азамат ұсталды, деп жазады stan.kz.
15 жастағы қыздың анасы әлеуметтік желілерде ер адамның қара "Приорадан" түсіп, қызына жақындап, "Ескі собор" аялдамасында тұрған кезде жыныс мүшесін көрсеткенін жазды. Оның айтуынша, оқиға 16 қыркүйек күні таңертең болған. Қыз бала көлік нөмерін есте сақтай алды.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларына кірісіп, тез арада құқық бұзушыны анықтаған.
Ол 35 жастағы ер адам болып шықты және әрекетін мойындады. Полиция ұсталған адамның әрекетін “бұзақылық” деп атады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу болып жатыр.