Мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
ERNUR.KZ. Орал қаласындағы пәтерлердің бірінен ерлі-зайыптының мүрдесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Орал қалалық полиция басқармасының бастығы Мирлан Әйкеновтің айтуынша, оқиға бүгін шамамен сағат 11.00-де Гагарин көшесі бойындағы 3 қабатты үйде болған.
Осындағы пәтерден 54 жасар ер және 52 жасар әйел адамның денелері табылды.
«Мүрделердің жатып қалғанына он күндей болған. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Алдын ала мәліметке қарағанда, олар уланып қалған секілді. Өлімнің нақты себебі сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады», - деді М.Әйкенов.