Әйел материалдық жағдайы ауыр болғандықтан, ұрлыққа баруға мәжбүр болғанын айтты.
ERNUR.KZ. Орал тұрғыны супермаркеттен жарты миллион теңгенің азық-түлігін ұрлап алып шыққан, деп жазады Azattyq Rýhy.
Әйел адам тауарларды бр ай бойына аз-аздан ұрлап әкетіп отырған. Дүкен иесі тауарларының ақшасын шығара алмай, көңіліне күдік кірген соң, сауда нысанына тексеріс жүргізеді.
«Дүкен иесінің арызымен келген полицейлер бақылау камераларын тексерген. Кейін белгілі болғандай, азық-түлікті супермаркет сатушысы ұрлап жүрген екен. Ол көп қарсыласып жатпастан, бар кінәсін мойнына алды. Әйел материалдық жағдайы ауыр болғандықтан, ұрлыққа баруға мәжбүр болғанын айтты», - делінген хабарламада.
1970 жылы туған әйел дүкеннен 500 мың теңгенің азық-түлігін ұрлап келген.
Қазір аталмыш дерекке қатысты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.