Орынбор облысында кеніште жарылыс болды

0
779

Үш адам қаза тапты.


Орынбор облысында кеніште жарылыс болды

ERNUR.KZ. Орынбор Гай тау-кен байыту комбинатында жарылыс болып, үш адам қаза тапты, 88 адам құтқарылды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, бүгін шамамен 08.50-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 09.50-де) тау-кен-жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 1,2 шақырым тереңдікте жарылғыш зат штаттан тыс жарылып кеткен. 88 жұмысшы эвакуацияланды. Үш адам қаза тапты", - деп хабарлайды Орынбор облыстық прокуратурасы.

Облыс прокуроры Руслан Медведевтің тапсырмасы бойынша аймақ прокурорының бірінші орынбасары мен Гай ауданаралық прокуроры оқиға орнына шықты.