Орынборда қазақстандық газды өңдеу көлемі артады

0
525

Меморандумға сәйкес, тараптар Орынбор газ өңдеу зауытында қазақстандық газды өңдеу көлемін жылына 11 млрд м3 дейін арттырады.


Орынборда қазақстандық газды өңдеу көлемі артады

ERNUR.KZ. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы мен "Газпром"" ААҚ-сы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға рәсімделді. Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында екі компанияның басшылары - Санжар Жаркешов пен Алексей Миллер бірлескен құжатқа қол қойды, деп жазады sputnik.kz.

Меморандумға сәйкес, тараптар Орынбор газ өңдеу зауытында қазақстандық газды өңдеу көлемін жылына 11 млрд м3 дейін арттырады.
"Аталған шара ішкі нарыққа тауарлық газ көлемін жеткізуді жылына 1,7 млрд м3 дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық тарапқа сұйық көмірсутек өндірісін арттыруға ықпал етеді", - делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, "ҚазРосГаз" ЖШС және "Газпром переработка" ЖШҚ арасында 2022-2023 жылдары қазақстандық газды өңдеу бойынша келісім-шарт жасалды.
Соның аясында 2022 жылы шикізатты өңдеу көлемі тағы 0,57 млрд м3-ға артып, 8,67 млрд м3-ге дейін жетеді. Ал келесі жылы 1,23 млрд м3-ге артады.
"ҚазРосГаз" ЖШС мұнай-газ конденсатты кен орнының тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, еліміздің ішкі нарығын тауарлық газбен қамтамасыз ету үшін Орынбор газ өңдеу зауытының қуаттарында қазақстандық газды өңдейді.
Жыл сайынғы өңдеу көлемі шамамен 9 млрд м3 құрайды.