ОСК: Президенттікке кандидаттардың үгіт-насихатына ақша бөлінді

0
530

Сайлау комиссиясының қорындағы ақша 6 бағыт бойынша жұмсалады.


ОСК: Президенттікке кандидаттардың үгіт-насихатына ақша бөлінді

ERNUR.KZ. Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды штабтары үшін семинар болып өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Семинар 20 қараша Қазақстанның Президенттігіне кандидаттардың өкілдеріне арналған. Күні кеше 18:00-ден бастап кандидаттардың штабтары өз жұмыстарын бастағаны белгілі. Отырыс барысында кандидаттардың үгіт-насихатына мемлекеттен қанша ақша бөлінеді, қандай талаптар бар екені айтылды.

"Орталық Сайлау комиссиясының 28 қыркүйекте қабылданған қаулысымен кандидаттардың сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары үшін шығыс сайлауалды бағдарламамен БАҚ-да сөз сөйлеу - 9 012 600 теңгені, кездесулер мен аггитациялық материалдар үшін - 800 мың теңге, жол жүру шығындары - 500 мың теңгені құрайды. Сайлау қорларына заңды жолмен алынған қаражат қана берiледi. Сайлау комиссиясының қорындағы ақша 6 бағыт бойынша жұмсалады.

1. Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу;
2. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары (дебаттар, кездесулер т.б.);
3. Аудио-визуалды үгіт насихат материалдарын таратуға, шығаруға;
4. Үгіт-насихат жүргізу барысында заңды және жеке тұлғалық қызметтерге;
5. Кандидаттың жол жүру, үй-жайды жалға алуға, iссапар шығыстарына мамандарға еңбек ақы төлеуге;
6. Сайлау компаниясының тегін тарату үшін үгіт-насихат құралдары (значок,футболка т.б.);
Сайлау комиссиясының қорынан жұмсалған әрбір тиын үшін кемінде айына екі рет есеп беріледі" деді ОСК хатшысы Сабина Мұстафина.