Өскемен тұрғыны тауып алған куәлікпен 3 банктен несие алған

0
1 451

​Өскемендік жігіт өзінен 15 жас үлкен адамның жеке куәлігімен үш бірдей банк қызметкерін сан соқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Өскемен тұрғыны тауып алған куәлікпен 3 банктен несие алған

Өскемендік жігіт өзінен 15 жас үлкен адамның жеке куәлігімен үш бірдей банк қызметкерін сан соқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 1988 жылы туған айыпталушының көшеден 1974 жылғы бейтаныс адамның жеке куәлігін тауып алуынан басталады. Құжаттағы адамның суреті өзіне ұқсайтынын аңғарған жігіт тиісті орындарға өткізудің орнына тығып алады. Жігіттің жымысқы ойына ең бірінші Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары алданған. Олар құжаттың жалған иесіне зейнетақы жинақтары туралы анықтаманы еш кедергісіз шығарып беріпті. Қажет құжаттың бәрі қолына түскен соң ол әуелі «Каспий банктен» 3 812 074 теңгенің несиесін оп-оңай рәсімдейді. Банк тарапынан ешқандай күдік тумағанын байқаған жігіт құныға түскен. Осылайша, ол «Еуразия банкінен» 1 487 200 теңге, «Forte bank» АҚ-дан 4 589 329 теңге тағы алады. Банк қызметкерлерін ғана алдап қоймай, бейтаныс адамды 10 млн теңгеден астам несиеге душар етеді. «Соттың 2018 жылғы 3 наурыздағы шешіміне сәйкес, күдіктіге Қылмыстық кодекстің 177-бабының 4-тармағы бойынша айып тағылып, 3 жыл, 9 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» - дейді Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметі. Айта кетейік, оқиғаның бәрі 2013 жылы болған. Осы уақыт ішінде күдікті іздеуде болған Арада тура 4 жыл өткенде күдіктінің әпкесі банктерге бауырының жасаған әрекеті туралы мәлімдеп, шығындарын қайтара бастаған. Қазіргі таңда үш банктің де шығыны толық өтелді.