Өскеменде 15 жасар қызды өлтіріп кетті

0
2 736

Көпқабатты үйдің пәтерінен жас қыздың денесі табылды


Өскеменде 15 жасар қызды өлтіріп кетті

ERNUR.KZ. Оқиға кеше қаладағы 19-шы ықшам ауданда орын алған, деп жазады altaynews.kz.

Сағат кешкі 21.00-де полицияға Есенберлин даңғылы 8/2 мекен-жайындағы көпқабатты үйдің пәтерінен жас қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен екен.

15 жастағы жасөспірім қыздың денесі пәтерден табылып отыр. Оның колледж студенті екені белгілі болды.

"Денесінде зорлық белгілері бар", – деп мәлімдейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Аталған қылмыста күдікті болып танылған 18 жастағы қала тұрғыны құрықталып отыр. Оқиғаға байланысты «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.