Өскеменде қазақ тілді оқушылар мектептерге сыймай жатыр

0
2 010

Мектепке баратын оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда үш есеге артқан.


Өскеменде қазақ тілді оқушылар мектептерге сыймай жатыр

ERNUR.KZ. Өскеменде қазақ тілді оқушылардың саны өсіп келеді. Мектептерде орын жетіспейді. Ал қала басшысы Жақсылық Омар мәселені аралас мектептер арқылы шешпек, деп жазады altaynews.kz.

Шығыстың бас шаһарында 1 қыркүйек күні мектепке баратын оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Бұл қалалық білім бөлімінің ақпараты. Қазіргі уақытта жалпы саны 2500 орындық үш қазақ мектебі салынып жатыр. Алайда бұнымен мәселе түпкілікті шешілмесі анық.

"Үш мектеп жеткіліксіз. Бұрыннан бар мектептердің базасында аралас мектептер ашу қажет" – дейді Жақсылық Омар.