Өскемендегі 350 миллион долларға ашылған зауыт бір күн де жұмыс істемеген

0
1 115

Аталған кәсіпорын әлі күнге дейін бірде-бір өнім шығармапты.


Өскемендегі 350 миллион долларға ашылған зауыт бір күн де жұмыс істемеген

ERNUR.KZ. Серпінді индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы бірқатар жобалар өңірімізде тоқырап тұр. Қыруар қаржы бөлініп салынған нысандар іске қосылмаған, деп жазады Алтайньюс.

Атап айтсақ, Өскемендегі күн батареяларын шығаратын зауытты салуға қазынадан 350 миллион АҚШ доллары жұмсалған болатын. Дей тұрғанмен, аталған кәсіпорын әлі күнге дейін бірде-бір өнім шығармапты.

– Осы өндіріс орнын да жан-жақты тексеру қажет. Зауыт бір күн де жұмыс істемеген.Сондай-ақ, онда моральдық тұрғыда ескірген құрал-жабдықтардың орнатылғаны белгілі болып отыр. Яғни, мемлекет қаржысы желге ұшты деген сөз, – деп түйіндеді аймақ басшысы.