Телехикаяны «Хабар» агенттігінің тапсырысымен «5 студия TV Production» түсірген.
ERNUR.KZ. Ауыл өмірі мен отбасы құндылықтарын арқау еткен «Шашу» комедиялық телесериалы көрерменге жол тартты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Шашу» - 32 сериялық қазақстандық жоба. Телехикая отбасы құндылықтары мен түкпірдегі ауыл тіршілігін көрерменді күлдіре отырып жеткізеді. Бас кейіпкерлер - Арман мен Аида шетелде оқып жүріп танысып, отау құрған. Арман - дәрігер, ал Аида - сән дизайнері. Екеуінің Алан атты 10 жасар ұлы бар. Он жылдан бері АҚШ-та тұратын ерлі-зайыптылардың өмірі күрт өзгеріп, олар Қазақстанға оралуға мәжбүр болады. Өйткені Арманның анасы Науат апа қыздарымен бірге тұрудан бас тартып, жалғыз ұлын күтуде. Ол баласының өз еркімен ауылға қайтқысы келмейтінін түсініп, ұлы мен келінін елге қайтару үшін жоспар құрады.
Фильмге Әлихан Ыдырысов, Қуандық Шәкіржанов, Айгүл Кәден, Еділ Рамазанов, Гүлшат Тұтова, Есжан Хамидуллин секілді танымал актерлер түскен. Сонымен қатар, жас буыннан Әли Марат, Мақпал Қасенова, Архат Қайратұлы бар. Режиссері - Ернат Байұзақ, сценарий авторы - Жәмит Көшербаев.
Телехикаяны «Хабар» агенттігінің тапсырысымен «5 студия TV Production» түсірген.