Өтемұратов "Қазақстан халқына" қорына 10 млрд теңге аударды

0
515

Бұған дейін "Kaspi bank" АҚ құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе дәл осындай көлемде ақша аударған болатын.


Өтемұратов

ERNUR.KZ. Болат Өтемұратов "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 10 миллиард теңге аударды, деп жазады sputnik.kz.

Қор президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтарда Қазақстан парламентінде берген тапсырмасы бойынша 15 қаңтарда құрылды.

Қор қаражаты азаматтардың денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерін шешуге жұмсалады. Төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты зардап шеккен қазақстандықтарға да көмек көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар қор балалар мен әлеуметтік осал топтағы мұқтаждар үшін спорт инфрақұрылымын дамыту және қолжетімділігін арттыру жобаларына қатысады. Қордың тағы бір басым бағыты – Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау жолында қаза тапқан құқық қорғау, арнайы органдар, әскери қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсетеді.