Өзбекстанда іздеуде жүрген ер адам Талдықорғанда ұсталды

0
1 066

Қазір ол қамауда отыр.


Өзбекстанда іздеуде жүрген ер адам Талдықорғанда ұсталды

ERNUR.KZ. Талдықорған қаласында облыстық полицияның жедел уәкілдері мемлекетаралық іздеуде жүрген 31 жастағы шетелдік азаматтың орналасқан жерін анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Өзбекстанның тәртіп сақшылары бұл адамды ірі алаяқтық жасады деген күдікпен бір жылдан астам уақыт іздеген.

"Іздеуде жүрген адам “Іздестіру” жедел профилактикалық іс-шарасының аясында анықталып, облыс орталығындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде ұсталды. Қазір ол қамауда отыр. Оның ұсталғаны туралы ақпарат ҚР ішкі істер министрлігіне жолданды", – дейді Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының іздеу бөлімі.

“Іздестіру” жедел-профилактикалық іс-шарасы 20-21 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Алғашқы тәулікте тәртіп сақшылары іздеуде жүрген 5 қылмыскерді ұстады. Оның ішінде көрші мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздеп жүрген 2 шетелдік азамат бар. Сонымен қатар, облыстың полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 4 адамның орналасқан жерін анықтай алды.