"Өзін атып өлтірген": Алматыда мұғалім оқушыларға оғаш тапсырма берген

0
952

Тапсырма оқушыларға 8 қазанда берілген.


ERNUR.KZ. Алматылық мұғалімдерінің бірі бесінші сынып оқушыларына балалардың суицид элементтері бар оғаш тапсырма берді, деп жазады Stan.kz.

Facebook қолданушысы Қанат Садықов ерекше тапсырманы байқап, оның үзіндісін көрсетті. Тапсырма бөлім үшін жиынтық бағалау (БЖБ) шеңберінде берілген.

Тапсырма мазмұны бойынша, сөйлемге талдау жасау керек болған. Мәтінде суицид жасаған анасы мен баласы жайлы айтылған.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, ұқсас тапсырманы қаланың басқа мектептерінің оқушылары алған.

Алматы қаласының білім басқармасы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, бұл тапсырма оқушыларға 8 қазанда берілген.


«Сөздердің септігін, жағын анықтаңдар. Анасы баласына ашуланып, «Сені ешқашан көрмесем, бақытты болар едім» деді. Баланың басынан жай түскендей болды, ол қаруды алып, өзін-өзі атып өлтірді. Оның жанынан тақтасы табылды, онда «Апа, мен қарамды батырдым, енді сен бақытты бол» деп жазылған екен. Содан кейін анасы от басында отырып жылайтын болды, бір күні өзі өлі күйінде табылды, қайғыдан қайтыс болды», – делінген WhatsApp мессенджері арқылы мұғалім оқушыларға жіберген құжатта.


"Шындығында, оқулықтарда мұндай тапсырма жоқ. Өсиет әңгіме оқулық бағдарламасына кірмейді. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі "Тілім - жауым, Тілім - досым" тақырыбында бірнеше тапсырманы шығармашылықпен және өз бетінше дайындағысы келгені белгілі болды. Мұғалімнің айтуынша, ол үшін әңгіменің астары маңызды болған. Алайда біз оның психологиялық компонентке назар аудармағанын көреміз", - деді басқармада.


"Ия, біз әлеуметтік желі арқылы мектеп әкімшілігіне жүгінген ата-аналармен келісеміз. Мұнда тапсырманы №132 гимназияның мұғалімі ойлап шығарғаны және тек бір сыныптың ғана осындай тапсырманы алғанын атап өткізіміз келеді. Яғни, бұл бүкіл мектеп немесе қаланың барлық оқушылары, тіпті бүкіл ел осы тапсырманы алды дегенді білдірмейді. Біз мұғаліммен және мектеп директорымен сөйлестік. Мектеп әкімшілігі және біз ата-аналардан кешірім сұраймыз. Әлеуметтік желілердің арқасында біз осындай фактіні анықтадық. Басқа педагогтар да осындай фактілерге назар аударып, абай болады деп үміттенемін", - деді басқармада.