Параға «Toyota camry» автокөлігін алған шенеунік 7 жылға сотталды

0
682

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Параға «Toyota camry» автокөлігін алған шенеунік 7 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Ұлттық тестілеу орталығы директорының бұрынғы орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотталды, деп жазады Елорда Инфо.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрын ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары Д.С.Жақсыбековке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Жақсыбеков «ProBusineSS.kz» ЖШС директоры С.А.Панкеевтен құны 8,8 млн теңге болатын «Toyota camry» маркалы автокөлігін пара ретінде алды деп күдіктенген, аймақтарда аталған ЖШС-нің ҰБТ өткізу кезінде қызмет көрсету бойынша мүддесін қорғаған», - деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
2019 жылдың 9 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотының үкімімен Жақсыбеков пара алды деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Аталған адам мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.