Пәтер жалдап тұратын 69 200 азаматқа субсидия төленеді

0
557

Оған бюджеттен 43 млрд теңге қаралған.


Пәтер жалдап тұратын 69 200 азаматқа субсидия төленеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша биыл еліміз бойынша 130 мыңнан астам тұрғын үй салынып, ел игілігіне берілген. Сондай-ақ, алдағы уақытта 158 млрд 500 млн теңге көлемінде облигациялық қарыз беру есебінен 12 100 кредиттік пәтер салынады. Министр тұрғын үй бағдарламалары арқылы жыл соңына дейін жиырма мыңнан астам кезекте тұрған азаматты баспанамен қамту жоспарлануда дейді.

"Бюджеттен тағы қосымша ақша сұрап отырмыз. Сол бағдарламаның есебінен қосымша ақша берген жағдайда біз шамамен 10 мың адамды қамтитын боламыз. Бақытты отбасы мен шаңырақ бағдарламасы болды. Оған қаралғаны шамалы 20 млрд , оған қосымша 100 млрд ақша сұрадық. Егер қолдайтын жағдайда біз 26 мың сол кезекте тұрғандардың мәселесін шешетін боламыз", дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев.

Айта кетейік, енді апатты үйлерді паналаған тұрғындардың мәселесі қайта қаралмақ. Бүгінде еліміз бойынша тозығы жеткен және апатты жағдайдағы 3 700 үй бар. Бұлардың көпшілігі қала сәулетін жақсарту мақсатында сүрілетін үйлердің тізіміне кірді. Жауапты министрлік өкілдері 2029-шы жылға дейін тозығы жеткен үйлерде тұратын 40 мың азаматтың тұрғын үй мәселесі шешіледі дейді.