Пәтерін жезөкшелерге жалға берген жазаланды

0
1 109

Жезөкшелерге пәтерін жалға берген үй иесі 240 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Онымен қоса, алдағы 3 айда оған баспанасын жалға беруге тыйым салынды, -деп хабарлайды Zakon.kz.

«Сарыарқа» ауданының полиция қызметкерлері кезекшілік кезінде 450 баптың 1-тармағы бойынша заң бұзушылық факті тіркелген. Пәтер иесі Біржан Сал көшесінде орналасқан пәтерін 3 жеңіл жүрісті қызға «кәсіптерін жүргізуге» жалға берген. Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының шешіміммен 39 жастағы пәтер иесі жауапқа тартылды. 100 АЕК есебінде (240 500теңге) айыппұл төлеп, 3 ай көлемінде пәтерін жалға беру құқығынан айырылды. Астана қаласында жыл басынан бері осы баппен жауапқа тартылғандар саны 5-ке жеткен. Орта есеппен айыппұл 1 200 000 теңгеге жеткен.