32 жастағы тұрғын жасөспірім қызға азғындық әрекеттерін жасаған.
ERNUR.KZ. Павлодар облысында 12 жастағы қыз балаға тиіскен күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 124-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Кәмелетке толмағандарды зорлау» бабы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық полиция департаменті ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина айтты.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК–нің 124-бабы бойынша құқық бұзушылық жуырда, яғни 31 қазанда солтүстік полиция бөлімінің кезекші бөлімінде тіркелді.
«30 қазанда сағат 12:00 шамасында Павлодар ауылының 32 жастағы тұрғыны ақпараттық жүйені пайдалану арқылы 12 жасар қызға қатысты зорлық-зомбылық қолданбай азғындық әрекеттер жасағаны анықталды», – деді Бибігүл Қамзина.
Күдікті ұсталды. Ол белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған қабылдағыш-дистрибьюторға орналастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, облыстық білім басқармасының жанынан Сенім телефондары жұмыс істейді: 1302, отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111 AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы; "баланы қорғау жедел желісі" call-орталығы 65 00 60.
Балаларға, жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына қорқытудың, балаларға қатыгездіктің алдын алу мәселелері бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды. Айта кетелік, кәмелетке толмағандар құқықтарының бұзылуы туралы 8 701 0707 546 (WhatsApp) нөміріне жаза алады.