Павлодар облысында адам бопсалады деп айыпталғандардан граната және басқа да қарулар тәркіленді

0
532

Олардың қару қолдану арқылы бұзақылық және пәтер тонау әрекеттеріне қатыстылығы тексерілуде.


Павлодар облысында адам бопсалады деп айыпталғандардан граната және басқа да қарулар тәркіленді

ERNUR.KZ. Павлодар облысында бопсалаумен айналысқан күдіктілерден гранатасы мен басқа да қарулар табылды, депм жазады stan.kz.

Павлодар облысында қылмыстық топ ұсталды.

"Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның келісімімен бопсалау және қылмыстық төбелеспен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Қылмыстық топ құрамында 25 пен 35 жас аралығындағы жастар болған. Қазіргі уақытта сотталушылардың бес бопсалау ісіне қатысты екені анықталды", – делінген хабарламада.

Олардың қару қолдану арқылы бұзақылық және пәтер тонау әрекеттеріне қатыстылығы тексерілуде.

"Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілерден бес атыс қаруы мен травматикалық қару, кастет, бита және қол пышақтары, сондай-ақ РГД-5 гранатасы тәркіленді", – делінген хабарламада.

Тәркіленген қаруға сараптама тағайындалды.

"Қылмыстық топтың жеті мүшесі ұсталды, оның ішінде ең белсенді үш қатысушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-іздестіру шаралары жалғасуда. Тергеу қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде", – деді ІІМ ТЖКБ өкілі Қуандық Алпыс.