Павлодар облысында балаларды құтқармақ болған екі ер адам суға батып кетті

0
523

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында екі ер адам Торайғыр көліне батып кетті.


Павлодар облысында балаларды құтқармақ болған екі ер адам суға батып кетті

ERNUR.KZ. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп жазады zakon.kz.

Апат туралы хабарлама Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне 23 маусым күні сағат 15:52-де түскен.

"Куәгерлердің айтуынша, 1978 жылы және 1986 жылы туған Қарағанды облысының екі тұрғыны балаларын (2008 жылы туған қыз бен 2013 жылы туған ұл) құтқару кезінде суға батып кетті. Балалар жедел жәрдем көлігімен Баянауыл ауылындағы облыстық ауруханаға жеткізілді, жағдайлары тұрақты", - деп мәлімдеді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, екібастұздық сүңгуірлер 19:00-де іздестіру жұмыстарын бастап, 19:39-да екі адамның мәйітін судан алып шықты.

"Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің төрт құтқарушысы, бір техникасы мен жүзу құралы және «102», «103» қызметтері жұмылдырылды", - деп жазады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство халыққа жабдықталмаған жерлерде суға түспеу керегін ескертті.