Павлодар облысында бір күнде үш адам суға кетіп көз жұмды

0
339

Барлық жағдайлар шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркелген.


Павлодар облысында бір күнде үш адам суға кетіп көз жұмды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында бір күнде үш адам суға батып кетті. Облыстық ТЖД тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауды және тыйым салынған жерлерде шомылмауды сұрайды, деп жазады Рavlodarnews.kz.

"Бүгін, 4 шілде күні су айдындарында үш адам батып кетті. Екеуі алкогольдік мас күйінде суға түскен. Ақсу қаласында 1950 және 1983 жылдары туған ер адамдар, Баянауыл ауданының Торайғыр көлінде 1997 жылы туған ер адам суға кетті", - дейді Павлодар облысы ТЖ департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қайрат Бертібаев.

Барлық жағдайлар шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркелген.

"Сіздерден судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауды, тыйым салынған жерлерде шомылмауды, балаларға қырағы болуды сұраймыз! Қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішуге қатаң тыйым салынатынын ескертеміз" – дейді Қайрат Бертібаев.