Павлодар облысында жолаушылар автобусы өртке оранды (видео)

0
1 324

Көлікте болған 40 адам өздігінен сыртқа шыққан.


Павлодар облысында жолаушылар автобусы өртке оранды (видео)

ERNUR.KZ. Павлодар облысында жолаушылар мінген автобус өртенді. Оқиға орнында Павлодар қаласы ТЖБ және өрт зертханасы жұмыс істеуде, деп жазады Рavlodarnews.kz .

Павлодар – Ленин кенті тас жолында № 38 маркалы МАЗ автобусынан өрт шыққанын хабарлайды.

"Көлік № 1 автобус паркіне тиесілі. Жалын 15 шаршы метр алаңды қамтыған. Өрт туралы хабарлама сағат 08.49-да тіркеліп, сағат 09.07-де жойылды", - дейді ведомстводағылар.

Көлікте болған 40 адам өздігінен сыртқа шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Өртті сөндіруге АҚЖ және өрт сөндіру қызметінен екі техника мен тоғыз адам жұмылдырылды.