Ер адамдардың денесі сол көлден табылған.
ERNUR.KZ. 5 қазанда Екібастұз қаласы Шідерті кенті маңындағы Құтаяқсор көліне балық аулауға кеткен екі ер адам жұмбақ жағдайда жоғалған болатын, деп жазады pavlodarnews.kz.
Еріктілерден құралған «Vita» іздеу жасағы ер адамдардың денелері табылғанын мәлім етті.
"Жақында ғана екі ер адамның денесі табылды. Командамыздың атынан туысқандарына қайғыра көңіл айтамыз", - деді еріктілер.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адамдардың денесі сол көлден табылған.
"Денелері 10 қазан күні сағат 14:00 шамасында табылды. Сараптама тағайындалды, нәтижелері бойынша процессуалдық шешім шығарылады", - деді департаментте.
Еске салайық, 8 қазан күні Екібастұз полициясына 64 жастағы қала тұрғыны жүгініп, 69 жастағы жолдасын іздеуде көмек көрсетуді сұрады. Әйел адам 5 қазан күні сағат 12:30 шамасында күйеуі УАЗ көлігімен танысымен бірге балық аулауға кеткенін айтқан.
9 қазанда Құтаяқсор көлінде іздеу іс-шаралары мен оқиға орнын тексеру барысында УАЗ көлігі табылды. Тексеру барысында құжаттары, ақшалай қаражаттары, ұялы телефондар, автокөліктің кілті машинаның салонынан табылды. Көлікте резеңке қайық болмады, бірақ құтқару кеудешелері сол жерде жатқан.
Іздестіру жұмыстарына полиция, ТЖ қызметкерлері, сүңгуірлер, кинологтар мен еріктілер жұмылдырылды.