25 тінту іс-шарасы өткізілді.
ERNUR.KZ. Павлодар облысында жедел уәкілдер 5 боди-массаж салонының жұмысын тоқтатты, деп жазады baq.kz.
Павлодар облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқарамсы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыс аумағында интимдік қызметтерді ұйымдастыруға және ұсынуға қатысы бар күдікті қылмыстық топтың қызметін анықтады. Бір мезгілде Павлодар және Екібастұз қалаларының аумағында жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысқан 5 боди-массаж салонының жұмысы тоқтатылды.
25 тінту іс-шарасы өткізілді. Полиция органдарына 30-дан астам адам жеткізілді, оның ішінде әкімшілер, массажисттер және осы мекемелердің клиенттері бар. Тінту барысында 10 млн теңге және 1600 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат, екі аңшы мылтығы, екі газ тапанша, кастет, рөлдік ойындарға арналған киім жинақтары, маскалар, қамшылар, кісендер, жарнамалық өнімдер, прайс-парақтар, визиткалар және сыйлық сертификаттары тәркіленді. Полицейлер өздерін кәсіпкер ретінде көрсететін жоғарыда аталған массаж салондарының иелері мен ұйымдастырушыларын анықтады, – деді Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Қазіргі уақытта 4 факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.