Павлодарда 2 оқушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

0
463

Оқушыларды ауруханаға жатқызуға ешқандай себеп болмаған. Дәрігерлердің қарауынан кейін олар үйлеріне жіберілді.


Павлодарда 2 оқушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

ERNUR.KZ. Павлодарда екі оқушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жасөспірімдердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, зардап шеккендер 2008 және 2009 жылы туған жасөспірімдер жедел жәрдеммен облыстық балалар аурухнасына бүгін сағат 16:55-те жеткізілді.
«Балалардың бірінде оң қолдың саусақтары, екіншісінде мойын, зигоматикалық және оксипитальды аймақтарының жарақаты мен білегі кесілген», - делінген хабарламада.

Оқушыларды ауруханаға жатқызуға ешқандай себеп болмаған. Дәрігерлердің қарауынан кейін олар үйлеріне жіберілді.