Ол белгісіз жаққа шығып, үйіне қайтып келмеген.
ERNUR.KZ. Ол қала маңындағы ауылда ата-анасымен бірге тұрады, деп жазады 24.kz.
Павлодарлық «VITA» еріктілерінің хабарлауынша, 20 жастағы Сәния Смакова екі айлық баласымен 8 тамыз күні сағат 15:00-де Павлодар ауылындағы Абай көшесінен белгісіз жаққа шығып, үйіне қайтып келмеген.
Бойы – 160 см, көздері қоңыр, арықша келген. Үстінде қара жемпір мен шалбар киген. Баласы көгілдір комбинизон мен қызыл бас киімде болған.
Еріктілер оның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат болса, + 7 747 615 5563, +7 777 334 8201 телефондары арқылы немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.