Екібастұз тас жолындағы жол апатының мән-жайы анықталды.
ERNUR.KZ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел медициналық көмек қызметкерлері жұмыс істеді, деп жазады inbusiness.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Бәйет ауылы маңындағы Павлодар - Нұр-Сұлтан автожолының 139 шақырымында 40 жастағы автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай жыраға аударылып кеткен.
"Медициналық көмекке 16 адам жүгінді. Автобус жеке компанияларға тиесілі. Павлодардан Атырау қаласына жолаушылармен шыққан. Олардың 29-ы вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, екеуі - жүргізуші", - дейді департаментте.
Айта кетсек, 103 желісіне ірі жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама бүгін, 26 шілде күні сағат 12:38-де түскен. Көлікте барлығы 32 адам болған.