Павлодарда балабақша басшысына айыппұл салынды

0
526

Балабақша тәрбиленушілерінің бірі үйіне келгенде анасы оның денесі көгергенін байқап, ауруханаға апарған. Дәрігерлер үш гематоманы анықтады.


Павлодарда балабақша басшысына айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Іс Павлодар полиция бөліміне берілді. Құқық қорғау органдары тергеуді әлі аяқтаған жоқ, деп жазады inbusiness.kz.

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік департамент жеке меншік Балалар білім беру орталығының басшысына әкімшілік хаттама жасалғанын хабарлады.

ӘҚБтК-нің 409-бабының үшінші бөлігі бойынша әкімшілік жаза қолданылды - "білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамның оларға немқұрайлы қарау салдарынан міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл оқу және тәрбие процесі кезінде тәрбиеленушілердің, білім алушылар мен білім беру ұйымдары қызметкерлерінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқтырса", - деп нақтылады ведомство басшысы Ләззат Жақиянова.

Осы бап бойынша айыппұл сомасы 50 АЕК немесе 172 500 теңгені құрайды.