Павлодарда балабақша маңында қызға тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр

0
1 031

Оқиға куәгерлеріне іздеу салынды.


Павлодарда балабақша маңында қызға тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Павлодарда балабақша маңында қызға тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әлеуметтік желіде әйел адам № 43 және № 34 мектептердің аумағында қызына шабуыл жасалғаны жайлы жазған.

«Лермонтов көшесі, 99 мекенжайы бойындағы балабақшаның қасында болған оқиғаның куәгерлерін іздестіреміз. Оған көмек көрсеткен ақ Land Cruiser мінген ер адам хабарлассаңыз», – деп жазды хаттың авторы.

Облыстық полиция департаментінде аталған факті Павлодар қаласының полиция басқармасы Солтүстік бөлімшесінде тіркелгенін хабарлады. Ер адамды анықтау бойынша іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.